ҮЕҰ-мен Қоғамдық кеңес өкілеттіктері

2017  жылдың  ішінде  қазан  айының  9-шы  жұлдызында  Қызылорда облысының  Қызылорда қаласында  «Қызылорда  облыстық  ішкі саясат  басқармасы»   мемлекеттік мекемесі  тапсырысымен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық кеңестің қазіргі жағдайын, ұйымдастыру қызметін, қоғамдық кеңестің мемлекеттік саясатты іске асыру бағытын, қоғамдық кеңестің мәселелері мен оның шешу жолдарын талқылау мақсатындағы «Қоғамдық кеңестер: заңдар мен жұмыс әдістері» тақырыбында дөңгелек үстелде қаладағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Ауған соғысы және Семей полигоны ардагерлеріне қатысты шешімі табылмай жүрген мәселелер туралы пікірлер айтылды. Дөңгелек үстелдің қатысушылары қоғамдық кеңестің заңдары мен оған енгізуге болатын түзетулерді талқылады.

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған қоғамдық кеңестің заңдары мен оның өкілеттіктерін, сондай-ақ, халықпен жұмыс жасау, ынмақтастық орнату, үкіметтік емес сектормен бірлесе жұмыс істеу, қоғамдық кеңестің жұмысы, БАҚ ақпараттандыру, әлеуметтік бақылау нысандары туралы қарастыратын «Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері мен тәсілдері және оның жұмысын жандандыру»  тақырыбындағы «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы ұжымының қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Мұндай іс-шаралар өткізудегі басты мақсатымыз – Қоғамдық кеңес мүшелерінің саяси сауаттылығын арттыру және халықпен тығыз байланыста болу.

Баспасөз қызметі

«Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *