Тағзым алаңының қадір-қасиеті

2017  жылдың    қазан  айының  13-ші  жұлдызында    Қызылорда қаласында  «Қызылорда  облыстық  ішкі саясат  басқармасы»   мемлекеттік мекемесі  тапсырысымен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында  қаламыздағы Тағзым алаңында рейд жүргізілді.      Рейд барысында Ұлы Отан соғысында жер үшін, ел үшін деп жауға қарсы шыққан батырларымыздың құрметіне жасалған тағзым алаңының бүгінгі келбетін көргенде көзімізге еріксіз жас келіп, қоқыс алаңында жүргендей күй кештік. Тағзым алаңының бүгінгі күйін көріп, жастарымыздың елге, жерге деген құрметі, патриоттық сезім деген бойларында азайып бара жатырғандығы байқалды. Тағзым алаңында біраз уақыттан бері тазалық жұмыстары жүргізілмегендігі, күл-қоқысқа толы алаң көрінісі иесіз жатқан жапан даланың күйін кешіп тұр. Ең  болмаса бейбіт өмір кешуге себепші болған батыр аталарымыздың құрметіне тағзым алаңына көңіл бөлінсе екен.

Мұндай іс-шаралар өткізудегі басты мақсатымыз қоғамның назарын аудару және оның іс жүзінде керектігін көрсету.

Баспасөз қызметі

«Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *