«Нан бағасының қымбаттау себебі»

2017  жылдың    қазан  айының  26-ші  жұлдызында    Қызылорда қаласында  «Қызылорда  облыстық  ішкі саясат  басқармасы»   мемлекеттік мекемесі  тапсырысымен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында  қаламызда «Нан бағасының қымбаттау себебі» тақырыбында қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау барысында қаламыздың бірқатар наубайханаларына барып  жұмыс барысын көзбен көріп, нанның сапасы және жасауға кететін шығындары, қандай бағада дүкендерге сатылып жатырғандығы  туралы бақылау  жүргізілді.

Наубайханашылар қымбатшылықты шығынның артуымен түсіндірді. Тұтынып отырған электр энергиясы мен бензин бағасы шарықтап кетті, сондықтан нан бағасын қымбаттатуға мәжбүр екендерін айтты.

Мұндай іс-шаралар өткізудегі басты мақсатымыз қоғамның назарын аудару және оның іс жүзінде керектігін көрсету.

Баспасөз қызметі

«Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *