«Иесіз қалдықтар»

2017  жылдың  қараша  айының  7-ші  жұлдызында  Қызылорда облысының  Сырдария  ауданы,  Тереңөзек кентінде «Қызылорда  облыстық  ішкі саясат  басқармасы»   ММ-сі  тапсырысымен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып Қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында  өткізілген мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу, сауалдарды өткізу жөніндегі шешімдер қабылдау мақсатында «Иесіз қалдықтар» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді.

Қоғамдық тыңдауда иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» болып табылатындығы және иесіз қалдықтарды басқару тәртібі туралы мәселе талқыланды.

Қоғамдық тыңдау барысында  Қоғамдық кеңес мүшелері мен «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» өкілі иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы жалпы ақпараттармен хабардар етті және де тұрғындардың басқа да сұрақтары тыңдалып оларға жауап берілді.

Мұндай іс-шаралар өткізудегі басты мақсатымыз – Қоғамдық кеңес мүшелерінің халықпен тығыз байланыста болу.

 

Баспасөз қызметі

«Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *