Общественный совет Жанакорганского района

Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес жайлы мәлімет

Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңес төрағасының аты – жөні:

– Балкожаев Мажит Байқожаұлы  – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңес құрамы:

– Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңес құрамы аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 12 ақпандағы №360 шешімімен құрылған. Қоғамдық кеңестің құрамында 9 адам бар.

    1. Балкожаев Мажит Байқожаұлы- Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
    2. Тулегенов Абилгазы Берденович – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес хатшысы, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
    3. Айтбембет Бақытжан Ерманұлы – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары.
    4. Қарақожаев Қуандық Қарақожаұлы- Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, зейнеткер
    5. Тұртанов Алшынбай – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, «Тұртан ата» шаруа қожалығының төрағасы.
    6. Шермағанбетов Зинабдин – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
    7. Абилтанова Кулан Бигазиевна – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
    8. Ахметов Бахтияр Мадиярұлы – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы.
    9. Ысқақов Сәулебек Есқожаұлы – Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері.

Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңесіндегі комиссиялар атауы – Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңесі.

Кабинеттері бар ма, қайда орналасқан – Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңеске арналған қызметтік кабинет қаралмаған. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады деп күтілуде.

Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар:

– Жаңақорған ауданындағы Қоғамдық кеңестің функцияларын кірістіре отырып, 2016 жылғы жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың ақпан айында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жаңақорған ауданының әлеуметтік – экономикалық  дамуы жайлы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы» аудан әкімінің есебі кеңес отырысында талқыланды. Қоғамдық кеңес отырысы аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің 2016 жылғы 17 ақпандағы №13 санында «Қоғамдық кеңес істі ширатады» атты тақырыпта жарияланды. Сонымен қатар, ү.ж сәуір айында кеңес отырысы өткізіліп, ауданның өзекті мәселелерін шешу жолдарының тиімділігін арттыру, әлеуметтік шиеленіс ошақтарына енген мәселелерді шешу барысындағы жұмыстар талқыланды.  Қоғамдық кеңес құрамы мен ережелері, қызметінің қоғамға тиімділігін тұрғындарға жеткізу мақсатында аудандық қоғамдық кеңес төрағасының сұхбаты жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің 21 мамырдағы №39 санында «Қоғамдық кеңес – тұрақтылық темірқазығы» атты тақырыпта жарияланды. Алдағы уақытта қоғамдық кеңес жұмысы іс-шаралар жоспары негізінде атқарылатындығын хабардар етемін.

Мерзімді БАҚ-да жарияланған материалдар жайлы мәлімет:

БАҚ атауы (электронды/баспа  Мақала тақырыбы Жарияланған күні Мақаланың сілтемесі Мақаланың қысқаша мазмұны
1 «Жаңақорған тынысы» газетінде «Қоғамдық кеңес істі ширатады» атты 17.02.2016 жыл

№13 саны

Қоғамдық кеңес жайлы «Жаңақорған ауданының әлеуметтік – экономикалық  дамуы жайлы 2015 жылғы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы» аудан әкімінің есебін тыңдау жайлы қоғамдық кеңес отырысы
2 Жаңақорған ауданы әкімдігінің сайтында Қоғамдық кеңес құрамы және қоғамдық кеңес ережесі 2016 жылдың сәуір айы Қоғамдық кеңес құрамы мен ережесінің жариялымы Аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген қоғамдық кеңес құрамы және қоғамдық кеңес ережесі
3 «Жаңақорған тынысы» газетінде

 

«Қоғамдық кеңес – тұрақтылық темірқазығы» 2016 жылдың 21 мамыры

№39 саны

Қоғамдық кеңес жайлы Қоғамдық кеңес құрамы мен ережелері, қызметінің қоғамға тиімділігін тұрғындарға жеткізу мақсатында аудандық қоғамдық кеңес төрағасының сұхбаты