Басты бет » Қоғамдық кеңес туралы

Қоғамдық кеңес қызметі


Қоғамдық кеңес қызметі тәуелсіз, ерікті, қоғамдық негізде, ашық және жариялылық болып саналады.Сонымен бірге атап өту керек, қазіргі уақытта «Қоғамдық кеңес туралы» Заң бойынша Қоғамдық кеңестің отырысын, тыңдауын өткізу және т.б. қызметіне қаржыландыру көрсетілмеген.

Қоғамдық кеңестің негізгі жұмыс формасы болып отырыс саналады. Отырыс ашық болады, сондықтан қатысуға ниет білдірген азаматтар қатыса алады, сондай-ақ мемлекеттік орган, БАҚ өкілдері, ғылыми, кәсіподақ және басқа мекемелер, сарапшылар, мамандарды шақыруға болады.

Отырыста жалпы мүшелерінің екіден үш бөлігінен кем болмау керек, отырысқа қатысушылар тізімге енеді. Міндетті түрде уақыты мен өткізілген күні, күн тәртібі және отырыс шешімі жазылған төраға мен хатшының қолы қойылған, хаттама толтырылуы керек.

Қоғамдық кеңес отырысы жылына ең кем дегенде екі рет өткізілуі керек. Отырыстар арасында сұрақтар бойынша төраға, президиум және Кеңес комиссиясы айналысады. Қоғамдық кеңес сұрақтардың маңыздылығына байланысты президиумда, комиссияда немесе төрағаның қарауында шешіледі, бұл оның ережесінде жазылады.

Қоғамдық кеңестің жұмысының ашықтығы мен жариялылығы заңмен ескертілген және Қоғамдық кеңес қызметі туралы жарияланып отырады, өткізілген отырыс қорытындылары және басқа іс-шаралар БАҚ үшін мемлекеттік тапсырысқа енгізілген.

Жалпы Қоғамдық кеңес қызметі мемлекеттік органдар жұмысына бақылау жасау, қоғамдық бақылау, осы бойынша кешенді іс-шаралар жасау болып саналады. Қоғамдық кеңестің шешімі мен ұсыныстары ұсынымдық сипатта болады, бірақ міндетті түрде мемлекеттік орган- дардың қарауын және мемлекеттік органдар тарапынан жауап беруін та- лап етеді. Қоғамдық кеңестің бірнеше кешенді іс-шаралардан тұратын қоғамдық бақылауының мақсаты мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімге азаматтардың қатысу мүмкіндігін жасайды.

Қоғамдық бақылау бойынша енгізілген іс-шаралар:

1.Қоғамдық мониторинг

2.Қоғамдық тыңдау 3.Қоғамдық сараптама

4.Мемлекеттік орган жұмысының қорытындысы туралы есебін тыңдау.

Қоғамдық бақылау:

-Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың жұмысын ашықтығы мен тиімділігін арттыру;

-Қоғамның мүддесін қорғау бағытында азаматтық ұстанымды қолдау;

-Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарының, жалпы мемлекеттің жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету арқылы, ел азаматтарының сенімділік деңгейін көтеру;

-Тұрғындардың арасында жемқорлыққа қарсы саясатты күшейтіп, жемқорлыққа қарсы халықты жұмылдыру.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты мен міндетіне :

-Республикалық және жергілікті деңгейде шешім қабылдау мен талқылауда азаматтық қоғамның пікірі мен мүддесін ескеру;

-Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара байланысын дамыту;

-Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау жасау;

Әрбір аймақтық қоғамдық кеңесте комиссия құрылған, бұл ко- миссия мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан бірге шешілетін әлеуметтік-маңызды бағытты ескереді.

Аймақ басымдылығына байланысты комиссия келесі бағыттарға бөлінеді:

-экономика және бюджет сұрағы бойынша;

-экология, көлік, жер қатынастары және құрылыс бойынша;

-кәсіпкерлік, өндіріс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бойынша;

-әлеуметтік саясат және қоғамдық қатынастар бойынша;

-білім беру ,дене тәрбиесі, спорт және мәдениет саласы, ұлтаралық келісім,тіл дамыту, жастар саясаты;

-аграрлық саясат бойынша;

-жергілікті мемлекеттік басқару,заңдылықтар және өзін-өзі басқару;

-азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша.