Басты бет » Қоғамдық кеңес туралы

Мемлекеттік органдардың жұмыс қорытындысы бойынша есебін тыңдау


Мемлекеттік органдардың жұмыс қорытындысы болып республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдарының бірінші басшысының және Қоғамдық кеңестің төрағасының баяндамасын тыңдау болып саналады.

Аудандық маңызы бар қалаларда, елді мекендерде және ауылдық округте әкімшілік-аумақтық бірліктегі әкім баяндамасы және мәслихат хатшысы мен жергілікті өзін-өзі басқару органының Қоғамдық кеңес төрағасының баяндамасы тыңдалады.

Мемлекеттік органдарының жұмыс қорытындысы бойынша есеп тыңдалу барысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі.

Мемлекеттік органдарының жұмыс қорытындысы тыңдау мемлекеттік орган жұмыстарына объективті баға беру, оның объективтілігі тыңдаушылардың ашық дауыс беруімен есептеледі. Сонымен бірге тыңдау процессі мемлекеттік органға тыңдауға қатысушылар тарапынан кемшіліктер,пікірлер және ұсыныстар алуға, пікірталас кезінде екі жақты бір ортақ пікірге келуге жағдай жасайды.

Мемлекеттік органдар жұмысының қорытындысы бойынша есебін тыңдауда, қатысушылардың жартысынан көбі «иә» деп мақұлдаған жағдайда қабылданған болып саналады.

Мемлекеттік органдар жұмысының қорытындысы тыңдалу барысында қаулы-қарар жасалады. Бұнда:

1)бақыланатын органдарды қызметі және олардың лауазымдық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағаланады;

2)есепті тыңдау барысында анықталған азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектейтін ережелерді жою бойынша ұсынымдар ;

3)мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ықтимал ұсыныстар.