Басты бет

Енгізілді: 21.05.2021Қаралғаны: 13 рет
Ақпарат

Жарық ақысы көтеруіне байланысты қоғамдық бақылау өткізілді.

«Асыл мұра - Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып  қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» әлеуметтік жобасы аясында 21 мамыр күні сағат 16.00-де «КазТрансГаз» Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына қоғамдық бақылау өткізілді. Облыстық қоғамдық кеңес Нурмаханов Нурлан,  облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі Майра Боранбаева, Азаматтық Альянс қызметкері Рашитова Орынкуль және «КазТрансГаз» Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалынын директор орынбасары  Қалдыгулов Ермек, сала мамандары қатысты.

Қоғамдық кеңес мақсаты газ өлшегіштің айналымы, газдың акысы және мекеме мамандарының мәдениет сактамауына байланысты.  «ҚазТрансГаз» Қызылорда өңірлік филиалының директор орынбасары Қалдыгулов Ермек мырзанын айтуынша, қала бойынша тұрғындардың «көгілдір отынға» берешегі 1 млрд теңгеден асып отыр. Сондықтан газдан ажырату жұмысы жүруде. Тағы бір айта кетерлігі, газды қиып кетпес бұрын 3 тәулік уақыт беріледі. Сол уақыт аралықта тым болмағанда тиісті төлемнің тең жартысын өтеу керектігін айтты.  Газдың ақысына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қарттарға жеңілдік жок екенін айтта кетті. Барлық санаттағы тұрғындарға газ ақысы бірдей. Мекеме мамандарына келер болсақ алдағы уақытта айтылған өтініштер мен ұсыныстарыңызды қарастыратынымызды жеткіземіз деді директор орынбасары.