Басты бет

Енгізілді: 15.07.2021Қаралғаны: 6 рет
«Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 14 шілде күні Сырдария ауданында, ү.ж. 15 шілде күні Жалағаш ауданында «Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел хабарламашы Болат Нурхожаев. Шараға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары, ҮЕҰ-дар өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Дөңгелек үстел барысында аудан тұрғындарының толғандырып жүрген мәселелері талқыланды. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жастар мәселесі, отбасы тағылымы тақырыбында ой қозғалды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Б. Нурхожаев дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер бойынша облыстық қоғамдық кеңес отырысында көтеруге келісті. Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдар туралы, қоғамдық кеңестердің сандық құрамы, оның ішінде жергілікті деңгейі, қоғамдық кеңестердің сапалық құрамы туралы айтта кетті.