Басты бет

Енгізілді: 19.08.2021Өзгертілді: 20.08.2021Қаралғаны: 28 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып  қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» әлеуметтік жобасының аясында“Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 19 тамыз күні “Байқоңыр” Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” Акционерлік қоғамының басқарма мамандарымен әлеуметтік дүкендердегі өнімдердің бағаларына қоғамдық бақылау өткізілді.

             Қоғамдық бақылауды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Айткүль Шалгинбаева, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент жанындағы Облыстық арнайы мониторинг тобы мүшесі Майра Боранбаева, Азаматтық Альянс қызметкері Гүлзира Абдірашитова, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Сымбат Бимаганбетова және “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова жүргізді.

             Әлеуметтік дүкен - “Байқоңыр” Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ның қаржылай бөлінісі аясында барлық топтағы азаматтарды азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ету үшін  жасалған арнайы жоба. Қала тұрғындарының өтініші бойынша  дүкендер уақытылы жұмыс жасауын және де азық-түлік өнімдері бойынша атаулары мен бағалары бағанада нақты жазылуы қаралды, одан бөлек ең қажеті мәселе  әжетхана болуы, яғни әлеуметтік дүкендердің қызметкерлеріне әжетхана болуы туралы ұсыныс жасалды.