Басты бет

Енгізілді: 23.02.2022Қаралғаны: 52 рет
Қоғамдық бақылау өткізілді

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 ақпан күні № 18,11,14,1,6,5,4 бағыттағы қоғамдық көліктердің ақырғы аялдамаларында қоғамдық бақылау өткізілді. Қоғамдық бақылауда қаралған мәселе: № 18,11,14,1,6,5,4 бағыттағы қоғамдық көліктердің белгілі аялдамаларға тоқтамай кетуі, оқушыларды алмай кетуі, шара барысында көліктің тазалығына басты көңіл бөлініп, көлік жүргізушілері мен кондукторларға мәдениетті қызмет көрсету және уақыт интервалын сақтау, қала ішінде жылдамдықты асыра айдауы секілді мәселелер бақылауда қаралды.
Қоғамдық бақылауды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қаршыға Есимсейтова, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент жанындағы Облыстық арнайы мониторинг тобы мүшесі, облыстық азаматтық альянс қауымдастығының мүшесі Майра Боранбаева, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі жетекші маманы Айгерим Диханбаева, “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының үйлестірушісі Перизат Абдіғапбар қатысты. Қоғамдық көліктердегі жүргізуші мен кондуктордың міндеттерін, жүру ережелерін тоқталып айтылды. Қоғамдық көліктерлің жүргізушілерінің өтініштері бойынша қала тұрғындары және оқушылар аялдамада тұруын сұрады. Шара барысында кемшіліктердің анықталуы сейрек кездесті.