Басты бет

Енгізілді: 11.05.2022Қаралғаны: 6 рет
Дөңгелек үстел өткізілді

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 11 мамыр күні Студенттер сарайында «Конституция 2022: Реформалардың бағыт-бағдары» тақырыбында мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Өз кезегінде, Мемлекеттік хатшы конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы айтты. Дөңгелек үстел барысында  білім, мәдениет және өскелең ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері көтерілді. Қоғам өкілдері елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпы халықтық референдум өткізудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстелде қоғам белсенділері, сарапшылар және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жайында әңгіме қозғалды. Жалпы, шара аясында аймақтың қоғам белсенділері Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен жалпыхалықтық референдум өткізу идеясын қолдады.